Көк Құран

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көк Құран, 30 сүре, 28-32 аяттар. Метрополитен өнер мұражайы, Нью Йорк

Үлгі:Portal Үлгі:Portal

Көк Құран (араб.: المصحف الأزرق‎) — IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында араб каллиграфиясының куфалық үлгісімен жазылған Тунистік Құран нұсқасы. Оның ерекшелігі — көк түсті (индиго) пергаментке алтынмен жазылған (кризография). Бұл Құран нұсқасы Ислам өнерінің ең танымал туындысы және тарихтағы ең ерекше, әрі бай қолжазба саналады[1][2]. Бұл қолжазба Ұлы Османлы Мемлекеті кезінде бөлшектелініп, көп бөлігі Тунистің өнер және археология Ұлттық Институтының мұражайында сақталған[3][4]. Бөлек фолианттары әлем мұражайларының мұрағатында бар. Олардың кей бөлігі Раққададағы Ислам өнерінің Ұлттық Мұражайында көрмеге қойылған.

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. "Folio from the Blue Qur'an (Probably North Africa (Tunisia)) (2004.88)". In Heilbrunn Timeline of Art History. New York: The Metropolitan Museum of Art, 2000–. (қазан 2008; retrieved 1 ақпан 2012)
  2. Folio From the Blue Qur'an, Бруклин мұражайы
  3. Bifolium from the Blue Qur'an Мұрағатталған 1 қарашаның 2013 жылы., Аға Хан мұражайы
  4. Folio from the Blue Quran(қолжетпейтін сілтеме) LACMA коллекциясында

Сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Blue Qur'an