Тихама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тихама

ТихамаАрабия түбегінің оңтүстік-батыс жағалауын бойлай орналасқан жазық. Қызыл теңіз бен Аден шығанағы аралығында 1500 км-ге созылған, енді жері 80 км. Жер бедері құмдақты, тасмалталы шөл, сордан тұрады. Тихама – дүние жүзіндегі ең ыстық өңір болып саналады. Онда ауа температурасы 55°С-қа дейін жетеді. Өсімдік жамылғысы шетен, жыңғыл, галофиттерден тұрады. Жазықта Сауд Арабиясының Асир атты ұлттық саябағының бір бөлігі орналасқан. Қрі порттары: Джидда (Сауд Арабиясы), Ходейда, Аден (Йемен). [1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том